ШҚО тұрғыны ЭКСПО-ға арнап «алып» асық жасады
Zakon.kz
Бүгінде оның қоржынында 100 мыңға жуық асық бар.
«ЭКСПО» көрмесіне арналып 50 мың асықтан қаланған алып асықтың ұзындығы – 4 метр, ал биіктігі – 3 метр. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.
Болат Тағабай – әлемдегі ең көп асық жинаған әрі ұлттық ойынды насихаттаушы ретінде әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақ. ШҚО-ның Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие мұражайының директоры. Автор алып асықты құрастыруға алты ай уақыт жұмсаған. Алдымен 50 мың асықты жуып-кептіруге – екі ай, одан сым темірмен конструктор мүсінін тоқуға тағы екі ай кетті.
Автор алып асығын алдағы күндері жұмыс сапарымен Өскеменге барғалы отырған Елбасыға сыйға тартуды көздеп отыр. «Өзімнің және отбасымның атымнан Елбасыға сыйға тартамын деп шештім. Алып асықты салтанатты түрде табыстаған соң Астанаға жеткізіледі. Әзірге оның нақты қай жерге орнатылатыны белгісіз.
Тек жабық ғимараттың ішіне қойылса игі. Сондай-ақ асықтың жанында суретке түсетін алаң мен асық ойнайтын шағын болса да алаңқай болса деген тілегім бар», – дейді Б.Тағабай. Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туриске қазақтың ұлттық құндылықтарын паш ететін осындай дүниелер көп болуы керек. Айта кетейік, Б.Тағабайдың асық жинап бастағанына 16 жыл болған.
Бүгінде оның қоржынында 100 мыңға жуық асық бар. Оның 50 мыңынан елордаға келгелі отырған алып асық құрастырылды. Бұл дегеніміз 25 мың қоймен пара-пар.
Фото: astana.gov.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript