Шымкентте автокөліктерді ауладан ұрлап жүрген екі күдікті ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.06.2017 18:18 Zakon.kz
Көліктерді сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратыпты.
Шымкентте автокөліктерді ауладан ұрлап жүрген екі күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сезіктілердің 3 көлікті айдап кету жайтына қатысы бары дәлелденіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында ұсталған екі күдікті 1994 және 1996 жылы туған қала тұрғындары болып шықты. Екеуі де жұмыссыз. Олардан жауап алу барысында көліктерді негізінен көпқабатты үйлердің ауласынан ұрлап жүргендері анықталды. Ең алдымен «Север» шағын ауданында 44 жастағы азаматтың «Опель» маркалы автокөлігін ұқсас кілтпен ашып, заңсыз айдап кеткен.

Кейіннен оны сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратыпты. Оңай жерден олжалы болғандар тағы екі көлікті ұрлап, сатып жіберген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуықтайды.

Қазір күдіктілер уақытша тергеу абақтысына қамауға алынып, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 200 бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» әрекеті бойынша іс қозғалды. Айғақты зат ретінде ұрланған бір автокөлік тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: