Екібастұзда 27 жастағы келіншектің көмегімен зейнеткерді тонаған ұры қолға түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.06.2017 17:39 Zakon.kz
Оқиға орнына жеткен полиция жасағы белгісіз ер адамның әжейдің қолынан ішінде 10 000 теңге көлемінде ақшасы бар әмияны салынған пакетті жұлып әкеткенін анықтады.
Екібастұз түрғыны 90 жастағы әжейді тонаған адамды құрықтауға көмектесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қарақшы зейнеткердің ақша салынған әмиянын алып қашқан. Болған жағдай жайында полицияның кезекші бөліміне жолаушылар хабарласып, Ломоносов көшесінде қарияның өзін нашар сезініп тұрғанын және оған жедел жәрдем көмегі қажет екенін айтқан.

Оқиға орнына жеткен полиция жасағы белгісіз ер адамның әжейдің қолынан ішінде 10 000 теңге көлемінде ақшасы бар әмияны салынған пакетті жұлып әкеткенін анықтады. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетіліп жатқанда тұрғындар мен қылмысқа куә болған адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізілді.

Сол жерде орналасқан дүкеннің жанында полицейлерге Шолпан атты келіншек жақындап, қолына пакет ұстап артына жалтақтай, асығыс жүгіріп бара жатқан ер адамды көргенін айтқан. Ол күдікті адамның сырт келбетін, үстіне киген киімін сипаттап берді. Нәтижесінде полицейлер бір сағаттың ішінде күдіктіні ұстап, ІІБ жеткізді. Тексеру барысында одан заттай айғақтар (пакет, ақша салынған әмиян) алынып, иесіне қайтарылды.

- Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің «тонау» бабы бойынша тергеу басталды. Ал күдіктіні «ізі суымай» ұстап, қылмысты ашуға септігін тигізген көмекші Шолпан ҚР «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың қатысуы туралы» Заңына азаматтық позиция танытқаны үшін ақшалай сыйақымен ынталандырылды, - деді баспасөз қызметінде.

Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: