Әйелін бас сүйегі шытынағанша ұра берген әскери қызметкерге қатысты сот ісі қайта қаралмақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2017 21:26 Zakon.kz
Қорғаушы Айман Омарова аталған істің қайта қаралып, Боранбаевтың өзіне тиесілі жазаны алуы үшін барын салатынын айтып жатыр.
Құрлық әскерлері Әскери институтында бөлім командирі болып жүрген Боранбаев әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған-ды. Жәбірленушінің анасы Ботагөз Чидеринова бұл жазамен мүлдем келіспейтіндігін айтып, қорғаушылардан көмек сұраған. Себебі, бас сүйегі соққыдан шытынап, қызына соңғы рет үш жерінен ота жасалған екен. Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

БАҚ өкілдерімен кездесу конференциясына Динара Чидеринованың өзі де, анасы да келді. Алайда келіншек дәлізде талып қалып, оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Бар оқиғаны анасы баяндап берді.

2016 жылдың қыркүйек айында Динара Чидеринова жатақханадағы бір бөлмелі пәтерін жинап жүреді. Бүйрегі қатты ауырып, жексенбі күні моншаға бірге баруға өтініш білдіреді. Осылайша екеуі кешке жақын моншаға баруға келісіп, артынша күйеуі үйден шығып кетеді. Сағат 4-5 шамасында Динара Чидеринова күйеуінің моншаға түсуге келмейтінін түсініп, ол ішімдік ішіп келетін шығар деген болжам жасайды. Сол күні дене қызуы көтеріліп, аяғын жылы суға салып отырған кезде күйеуі кіріп келеді. Артынша дәлізге шығып кетіп, 20-30 минут шылым шегіп жүреді. Осыдан кейін үйге кіре салысымен әйеліне бас салып, басынан жұдырықтап ұра бастайды.

“Күйеу балам қызымды ұрып жатқан сәтте бөлмеде 4 жастағы бала ұйықтап жатқан. Яғни ол тамағынан басып тұрып ұрған. Артынша керегеге қарай қатты итеріп жіберген. Қызым есін жия салысымен дәлізге қарай қашқан. Осы сәтте күйеу балам пышаққа жүгіріп оны қорқытқан. Қуанышына орай, Динараны көршілер көріп қалып, екеуіне араша түскен екен. Қызымның бас сүйегі ауырмақ түгілі, шытынап кеткен екен. Мұндайдың бірінші рет еместігін өздеріңіз де түсініп тұрған шығарсыздар?!” – дейді Бөтагөз Чидеринова.

Жуырда аталған іске қатысты сот отырысы аяқталған болатын. Судья Боранбаевты шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырған екен. Ол сотта әйелін бір рет бетінен шапалақпен, бір рет жұдырықпен ұрғанын айтқан. Мұнымен қатар, Динараның анасы күйеу баласы дәрігерлермен келісіп, оны үйге ертерек шығартқызғанын айтып отыр. Әдетте жәбірленуші 21 күнге дейін ауруханада жататын болса, оның жарақаты жеңіл болып есептеліп, айыпталушының жазасы жеңілдетіледі.

“Қызымның артық мінезі жоқ. Бір шетінен күйеу балам күнде ішімдік ішетін деп айта алмаймын. Бірақ, оның артық кеткені рас. Қызымның бетінде сау жері жоқ. Тіпті, дәрігерлер оның бас сүйегінің сынғанын жасырып қалмақ болған. Біз отаны кейіннен ғана жасаттық. Бастапқыда дәрігерлердің сөзіне сеніп, жарақаты өздігінен жазылатын шығар деп ойладық”, – дейді Ботагөз Чидеринова.

Қорғаушы Айман Омарова аталған істің қайта қаралып, Боранбаевтың өзіне тиесілі жазаны алуы үшін барын салатынын айтып жатыр.

Фото: astrakhan-24.ru
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: