Анасын пышақтаған қызылордалыққа сот үкімі шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.06.2017 18:22 Zakon.kz
Жазасын ерекше қатаң режімдегі түрмеде өтеуі белгіленді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының 30 жастағы азаматына айыптау үкімі жарияланды, деп жазады stan.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, 2017 жылдың 30 наурызының таңында сотталушы А. өзінің тұрақты мекенжайы маңындағы дүкеннен 2 шөлмек спирттік ішімдік сатып алып, оны үй ауласындағы гараждар арасында отырып ішкен. Түскі мезгілде үйіне тәлтіректей оралған ол анасымен жанжалдасып қалады. Арақтан көзі тұманданған ол анасына қол жұмсап, артынша бірнеше рет пышақтайды. Алған дене жарақаттары салдарынан анасы қайтыс болған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ерекше қатаң режімдегі түрмеде өтеуі белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: