Сырттағы қандастарымыздың қазақ тілінде білім алуына жағдай жасалады - Назарбаев

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.06.2017 20:18 Zakon.kz
Сыртта жүрген бауырларымыздың бір бөлігі - жастар.
Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Бұл туралы бүгін Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыртта жүрген бауырларымыздың бір бөлігі - жастар. Олар ассимиляцияға түсіп, ана тілін ұмытып барады. Біз бұған ара түсуіміз керек. Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Қысқа мерзім ішінде қазақ диаспорасын гуманитарлық бағыттағы әдебиеттермен, оқулықтармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл онша қиын жұмыс емес. Біз өз ішімізде жасап жатырмыз, біраз көбейтіп, ағайындарға қол ұшын беруіміз қажет», - деп атап өтті Президент құрылтай барысында.

Айта кетейік, Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтіп жатыр.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: