Павлодарда үйінен кетіп қалған жеті жастағы ұл бала табылды
Zakon.kz
Анасы ауруханаға жатқызылған.
Катаев көшесі, 50 мекенжайы бойындағы тұрғын үйдің ауласынан кетіп қалған жеті жастағы Максим Алексеевті тәртіп сақшылары тауып алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ювеналдық полицияның бастығы Бибігүл Қамзинаның айтуынша, бала бүгін таңертең анықталған. Қазіргі таңда Максим әкесімен бірге ІІБ-ның Оңтүстік бөлігінде.
- Жеткіншекпен біздің мамандар сөйлесуде, - деді Бибігүл Қамзина.
– Оның денсаулығы мен қандай да бір жарақтат алмағаны тексерілуде. Баланың мінез-құлқын кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі комиссия қарайды.
Ол толық емес отбасында, әжесі мен әкесінің тәрбиесінде екені белгілі. Анасы ауруханаға жатқызылған.
Томирис Бекжан
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript