Үш қарағандылық фермер адамдарды құлдықта ұстағандығы үшін айыпталды
Zakon.kz
Тұтқындағылардың бірі қашып шығып, полиция көмегіне жүгінген.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында үш ағайынды төрт адамды бас бостандығынан айырғаны және өзінің шаруа қожалығында еңбегін пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Тексеріс нәтижесінде Рамазан Шалғынбаев, Нұртай және Ербол Ынтықбаевтардың төрт ер азаматқа қыстақта тегін жұмыс істетіп, жағдайсыз жерде күштеп ұстағандығы анықталды.
Олар Қылмыстық кодекстің 126 бабының «жұмыс күшін пайдалану мақсатында ұрлап әкетуге қатыссыз, заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша жазаланып отыр.
«Бес ағайындының бірі - аталған шаруа қожалығының иесі - жол патрульдік полициясының қызметкері болып шықты. Ол Қарағандыдағы жергілікті полиция қызметінде жұмыс істейді», - дейді еңбек құлдығының құрбанына айналған азаматтардың қорғаушысы Шырын Әмірғалиева.
Оларды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері құтқарды. Тұтқындағылардың бірі қашып шығып, полиция көмегіне жүгінген.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript