Қостанай облысында зиянкестерге қарсы күрес басталды
Zakon.kz
Биыл Қостанай алқаптарының 240 мың гектарын шегіртке жаулауы мүмкін деген жорамал болған.
Қостанай облысындағы 240 мың гектар алқапта үйірлі шегірткенің дернәсілдері байқалған. Бүгінде соның 74%-ы химиялық өңдеуден өтті, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Өткен жылы өңір шаруаларын шығынға батырған өсімдік ауруларына биыл қайталанбауы үшін алдын алу шаралары күшейген. Александр Пирог – егіншілікпен айналысқанына ширек ғасырдан асқан маман. Ол «химиялық өңдеусіз тат, септериоз ауруларына қарсы тұру мүмкін емес», – дейді. Былтырғы жылдың ащы сабағы оған айқын дәлел. Бүгінде оның егістік алқабында ауру нышандары байқала бастаған.
Александр Пирог, шаруа:
- Бидай жапырақтарында тат ауруының қоздырғыштары қылаң бере бастады. Оған енді ауа райы да ықпал етіп тұр. Толассыз жауған жаңбыр, түнде температураның 12-13 градусқа төмендеп, күндіз 25-26 градусқа көтерілуі өсімдік ауруын өршіте түседі.
Алайда ауылшаруашылық министрлігінің өкілі жағдай толық бақылауда екендігін айтады. Түрлі зиянкестердің алдын алу үшін биыл республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп отыр.
Ержан Айнабеков, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы:
- Бүгінгі күнге 1 млд 900 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп 1млн 600 мың гектарға біз астық тұқымдастарының аса қауіпті зиянды организмдеріне қарсы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Биыл Қостанай алқаптарының 240 мың гектарын шегіртке жаулауы мүмкін деген жорамал болған. Алайда мамандар ондай қауіп жоқ деп сендіріп отыр. Шегіртке ошағы байқалған алқаптарды улап тастауға мүмкіндік бар. Ресейдің көршілес аудандарын да зерттеп, бақылап келген мамандар ол жақтан да ауып келетін қанатты зиянкестер байқалмайды деп сендіріп отыр.
Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров
Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript