Қарағандыда тәулік ішінде 13 көліктің мемлекеттік нөмірі ұрланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.06.2017 22:38 Zakon.kz
Кей көліктерден қылмыскерлер бір нөмірін (алдыңғы не артқы) ғана алған.
Қарағандыда өткен тәулікте 13 көлік иелерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлері ұрланды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Кей көліктерден қылмыскерлер бір нөмірін (алдыңғы не артқы) ғана алған. Кей көліктің екі нөмірін де алып кеткен.

Барлық көліктерге ұрылар: «Мемлекеттік нөмірің ұрланды ма? Қандай аянышты» деген жазба қалдырған. Жазбаға ұры Qiwi-кошелек нөмірін қалдырып, 10 мың ақша аударуды сұраған. «Түскен барлық өтініш бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүруде. Мемлекеттік нөмірді ұрлағандарды табамыз», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: