БҚО-да екі адамды құлдықта ұстаған тұрғынға қатысты іс қозғалды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.07.2017 20:58 Фото: zakon.kz
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Теректі және Қазталов аудандарының 1976 және 1979 жылғы тұрғындарын заңсыз ұстаған.
28 маусым күні жедел іздестіру шаралары барысында Бөкей ордасы ауданындағы бір қыстақта екі адамды құлдықта ұстаған 1944 жылғы Р. деген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Теректі және Қазталов аудандарының 1976 және 1979 жылғы тұрғындарын заңсыз ұстаған. Оған қоса соңғы азаматқа күш көрсеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 126-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бұрын Ақсай қаласында 1962 жылғы К. деген азамат осы қалада тұратын 1958 жылғы тұрғынды ЖШС-да заңсыз пайдаланған.

Бұл дерек бойынша да ҚР ҚК 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: