Татуаж жасатып, жанарынан айырылып жатқандар бар – маман

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.07.2017 17:33 Фото: zakon.kz
Қазiргi таңда бiзге косметикалық қызметтерге шағымданғандар жиiлеп кеттi.
Үкiмет отырысында Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының төрайымы Светлана Романовская елiмiзде көрсетiлетiн қызмет пен сатылатын тауар сапасына тоқталып, бiрқатар проблеманың бетiн ашып бердi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазiргi таңда бiзге косметикалық қызметтерге шағымданғандар жиiлеп кеттi. Пластикалық ота жасайтын хирургтердiң жұмысына көп шағым түседi. Елiмiзде осы саланы зерттеп, бақылап, оқиғаның неден орын алғанын анықтайтын сарапшылар мен мамандар пулы жоқ. Сұлулық саласында да өте үлкен қаржы айналып жатыр, бiрақ ешқандай бақылау жоқ. Қазiр отаны кiм көрiнген жасап жатыр. Мысалы, татуаж жасатып, жанарынан айырылған әйел де болды. Ол мүлдем соқыр болып қалды», - дедi Романовская.

Қымбат Елтайқызы

Фото: Baq.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: