Лента новостей
0

Алматыда қоқыс тастайтындарға бейнабақылау да тосқауыл болмай отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.07.2016 17:23 Zakon.kz
Наурызбай ауданының қалаға қосылғанына биыл тура 2 жыл толды. Әйтсе де, облыстан қосылған саябақ тұрғындары қоқыс тастайтын жаман әдеттерін қоймаған.

Алматыда қоқыс тастайтындарға бейнабақылау да тосқауыл болмай отыр. Наурызбай ауданының әкімдігін әбден әбігерге салған тұрғындар ұятты істерін тияр емес. Көшені қоқыс алаңына айналдырғандарға жаза қатаң. Аудан халқының бір бөлігі өзен арналарын тазалап шаршаса, басқалары керісінше, ластаудан қайтпайды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Наурызбай ауданының қалаға қосылғанына биыл тура 2 жыл толды. Әйтсе де, облыстан қосылған саябақ тұрғындары қоқыс тастайтын жаман әдеттерін қоймаған. Ел-жұрттың қоқысын жинап шаршаған аудан әкімдігі енді бейнабақылау орнатыпты. Әйтсе де, одан да шығар нәтиже байқалмайды.

Әзірге ауданда мұндай жоғары сапалы камераның бесеуі ілініп тұр. Көшедегі ахуал күндіз-түні бақылауда. Онымен қоса, аудан әкімдігі мамандарынан құралған топ таңғы 4-тен 9-ға дейін, ал 17.00-ден 22.00-де дейін кезекшілік жасайды. Күн сайын құрыққа қоқыс тастаған 4-5 адам ілінеді. Оларға артылар жаза қатаң. Өйткені, Наурызбай ауданының экологтары тұрғындарға ескерту жасаудан әбден шаршаған.

«Осы аудан қала болғалы бері негізгі үлкен мәселенің бірі - осы қоқыс тастау жұмыстары. Облыста болғандықтан бұл жерде халықтың бәрі үйреніп қалған қоқысты көрінген жерге тастап кетуге. Сондықтан да біздің негізгі жұмысымыз солармен атқару. Енді екінші мәселе, істеп жатқан жұмыстарымыз бойынша видеокамералар орнатып жатырмыз», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Көшербаев.

Саяжай тұрғындарының өздері қоқыс жәшігін орнатып, тұрмыстық қалдықтарды жинап алып кететін мекемелермен келісім-шартқа отыруы тиіс. Бірақ жұртты төңіректің тазалығынан бұрын, қалтаның қамы алаңдатса керек. Қазір көшеге қоқыс тастағаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 42 420 теңге айыппұл салынады. Бейнебақылау орнатылмай тұрғанда қадағалаушылар белгілі уақыт көлемінде ғана кезекшілік жүргізген. Ол уақытта қулыққа көшкен тұрғындар экологтар жок кезде білдіртпей қоқыс тастап жүріпті. Енді айласын асыра алмаған халық ұсталып жатыр. Себебі, бұлтартпас видеоайғақтар бар.

«Қашып кете алмайды. Өйткені камера қойылған. Барлық жерде камера бар. Факті бойынша ұстаймыз. Сонымен айыппұлдарын саламыз. Сосын суретін көрсетіміз. Өзіміз суретке тартамыз. Күнде жаяу жүрген адамдардан бөлек, жеңіл көліктердегілер де тастайды. Оларды да ұстап, айыппұлдарын саламыз», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы экология инспекциясының басшысы Қожа Алымов.

Саяжай тұрғындарының кейбірі қоқысты белгіленбеген жерде тастап, табиғатты ластап жатыр. Ал, қалған бөлігі жаппай сенбілікке шықты. Негізі Наурызбай ауданынан 5 өзен ағып өтеді. Олардың ең ірілері Қарғалы мен Ақсай болса, тағы үшеуі шағын өзендер. Нөсерлі жауын жауған сайын халықты су басып қала беретіндігінің бірден-бір себебі қоқыс тастаудан, дейді экологтар. Енді табиғатты аямағандарды мамандар да аямақ емес.

Жадыра Омаржан, Әсет Құндақпаев

Фото: www.voxpopuli.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: