Лента новостей
0

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.08.2016 18:18 Zakon.kz
Ведомство басшысының айтуынша, зардапшегушіні таныстары алдап, орманға шығарып алған.

Павлодарлық орманшылар таныстары орманға алып кетіп, зорламақ болған 25 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында Павлодар қаласы орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеменің директоры Аждар Жүсіпов мәлім етті.

- Жұма күні сағат таңғы 6.00-де бізге Павлодар ауданының учаскелік полиция қызметкерлері хабарласып, көмек сұрады. Олардың айтуынша, Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округіне қарайтын жайылымда 25 жастағы қыз жоғалып, шығар жол таба алмай жүрген. Біздің төрт орманшы бір сағаттың ішінде жоғалған қыздың нұсқауы бойынша жедел жетіп, көмек көрсетті. Қыз шалшыққа батып, шыға алмай жатыр екен. Шұғыл қайық әкеліп, сары масаға таланған қызды Набережное ауылының полициясына тапсырдық, - деді Аждар Жүсіпов.

Ведомство басшысының айтуынша, зардапшегушіні таныстары алдап, орманға шығарып алған. Жігіттерден қашып, орманның ішінде адасып кетіп ол полиция көмегіне жүгінген.

Назым Қарабаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: