Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодар-Ақсу көпір өткеліне түскен жаңбыр суы Ертіс өзеніне тазартылып құйылады

Қазіргі уақытта 12 километр жолда жұмыс жалғасып жатыр.

Фото : 8 августа 2016, 15:17

Павлодар-Ақсу көпір өткеліне түскен жаңбыр суы Ертіс өзеніне құйылардың алдында тазарту құрылғысы арқылы өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Қазақжол құрылысы» компаниясы бас директоры Серік Төлеубаевтың айтуынша, жолда және көпірдің үстінде және эстакадада жиналатын жаңбырдың суы тазартылатын болады. - Жолға түскен жаңбырдың суы оң және сол жақ жиекте орналасқан қондырғылар арқылы жүріп, тазарту жүйесіне түседі. Асфальттың үстінен жүретін көліктердің жанармайы міндетті түрде суға қосылатыны барлығымызға белгілі. Ал, бұл қосынды табиғатқа өте зиян. Сондықтан да, барлық су тазарту құрылғысына жіберіліп, сүзгі арқылы өтеді. Осылайша, өзенге жіберілетін су оған зақымын тигізбей, таза күйінде құйылады, - деді Серік Төлеубаев.

Компания басшысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта 12 километр жолда жұмыс жалғасып жатыр. Бүгінгі күні көпір өткелінің негізгі құрылысы аяқталды. Енді көпір мен жолдарды абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.

Фариза Қазыбеқызы

Фото: Рavlodarnews.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии