Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды

9 августа 2016, 11:38

Көпшілік елімізде соңғы жылдары индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді.

Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Алтын белгі» медаль иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтындықтары белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА, ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Биыл 2059 «Алтын белгі» иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр», - делінген хабарламада.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының басшылығымен бірлесіп, мемлекеттік гранттарды ала алмай қалған «Алтын белгі» иегерлерінің істерін жеке-жеке қарастырып, олардың ЖОО қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігін қарастырмақ.

Жасұлан Жолдыбаев

Фото: www.inform.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...