Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Жалғызбасты аналар алимент өндіре алмай жүр

9 августа 2016, 12:43

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық тыңдауына бұл жолы тиісті көмекке қол жеткізе алмаған тұрғындар келді. Табаннан тозған аналар заң қызметкерлерінің өздерінен жауап алынса дейді.

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлчехра Сайдахметова партия қызметкерлерінің алдына туа бітті кемістікпен дүниеге келген баласын ала келіпті. Ұлының күтімі мен емделуіне жағдай жасай алмай жүрген жалғызбасты ана бұрынғы жолдасынан титтей де көмек көрмейтінін айтады, деп жазады otyrar.kz.

Ал сот орындаушылар алимент өндіріп берудің орнына өзін балағаттап, бетін қайтарғанын ашына жеткізді.

Дәл осындай әке қамқорлығына зәру бес баланың анасы да нұротандықтардан көмек сұрай келіпті. Бәрінің де заң қызметкерлерінің селқостығынан тауы шағылып, тауаны қайтқан. Айтуларынша, жауаптылардың өздері дер кезінде тиісті шараларға кіріспей, істің насырға шабуына себеп болуда.

Мұң-мұқтажын арқалай келген келіншектердің ендігі үміті — осы партияда. Филиал жетекшілері талап-тілектерді жіті тыңдай келе жауапты мамандарға жүктейтінін айтты.

Фото: kzvesti.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...