Лента новостей
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2016 16:44 Zakon.kz
Қазақстан Президенті спортшыларға келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңістеріне байланысты Нижат Рахимов пен Дмитрий Баландинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген Нижат Рахимовқа жолданған жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Д.Баландинді суға жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Фото: nazarbaev.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: