Лента новостей
0

Еліміздің теңізшілері Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысында күміс жүлдеге ие болды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2016 19:03 Фото: zakon.kz
Теңіз межесі бойынша оқ атуда жауынгерлік бөлім командирі аға лейтенант Шахрух Әбдіразақов қана нысанаға дөп тигізді.

Қазақстанның әскери теңізшілері Ресей Федерациясының су айдынындағы «Теңіз кубогы – 2016» байқауы үш кезеңінің қорытындысы бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп, екінші орынды еншіледі. Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінен халықаралық байқауға «Орал» кораблінің экипажы қатысты, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Бірінші оқ ату кезеңінде теңізшілеріміз барынша ұпай санын жинап, жақсы нәтижелер көрсетті. Теңіз межесі бойынша оқ атуда жауынгерлік бөлім командирі аға лейтенант Шахрух Әбдіразақов қана нысанаға дөп тигізді. Теңіз нысанасы бойынша оқ атуда ҚР ҚК ӘТК-нің теңізшілері әуеден лақтырылған меже атып өтудің бұрышына сай келмейтін жерде орналасқанына қарамастан, үздік нәтижелер көрсетті. Алғашқы дүркін атыстан-ақ нысанаға дөп тиді. Екінші өміршеңдік үшін күресті ұйымдастыру кезеңінде әскери қызметшілеріміз 1 минутқа РФ-ның командасынан жеңіліс тауып, екінші нәтиже көрсетті. Үшінші теңіз машығы мен құтқару дайындығы кезеңінде ҚР ҚК ӘТК-нің теңізшілері екінші атанды.

Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысының «Теңіз кубогы» байқауында мемлекетіміздің намысын «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі, корабль командирі аға лейтенант Асқар Қапашов қорғағанын естеріңізге сала кетейік. «Инженерлік формула» байқауында әскери инженерлер қазақстандық команданың қоржынын тағы бір күміс медальмен толықтырды. РФ Волгоград облысының Волжский қаласында халықаралық байқаудың шешуші кезеңі өтті. Оған Қазақстан, Қытай және Ресейдің командалары қатысты. «Инженерлік формула» байқауы «Формула 1» автожарысының қағидаты бойынша ұйымдастырылды. Экипаждар ұзындығы 4 шақырым жылдамдық шеңберлерінен өтіп, пит-стоптарда арнайы инженерлік тапсырмаларды орындады. Командаларға өткелден, төбешіктен, теміржол айрығынан, миналық алаңнан өтуге тура келді. Байқаудың ақтық кезеңі күрделі болды. Командалар жүзбелі транспортерларға жүк машиналарын тиеп, бір уақытта шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс бере отырып, өзеннен өте бастады. Қорытындысы бойынша қазақстандық команда Ресей Федерациясының командасынан жеңіліп, екінші орынға ие болды.

Одан басқа, эстафета нәтижелері бойынша Қазақстанның командасы «ҚҚМ-ның үздік есептобы» және «ЖТС-тың үздік экипажы» номинацияларында жеңімпаз атанды. Армия халықаралық ойындары халықаралық ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың, бейбітшілік пен ортақтастықтың жаңа бір нақышына айналғанын айта кетейік. Бұл сайыс екінші рет өткізіліп отыр. Алайда, жаңа сапалы және сандық деңгейге шығып үлгерді. Биылғы жылы ойындар 3 000-нан аса әскери қызметшінің, Азия, Еуропа, Африка және Латын Американың 20 мемлекетінен 120-ға жуық армиялық командалардың басын тоғыстырды.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: