Лента новостей
0

Павлодарлық оқушылар ұстаздарға 81 селфи жолдаған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 23:44 Zakon.kz
Балалардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту мақсатында үш ай бойы өткен байқауға 57 оқушы қатысып, 81 жұмыс ұсынған.

Павлодар облысында оқушылардың арасында алғаш рет өткен «Жазғы селфи» байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Самал Қадырованың айтуынша, балалардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту мақсатында үш ай бойы өткен байқауға 57 оқушы қатысып, 81 жұмыс ұсынған. Олардың ішінде үздік суреттерге қазылар алқасының құрамында ақпараттық технологиялар орталығының директоры Гүлжан Кәрімова, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының директоры Алма Ерубаева баға берген.

- «Үй жануарларымен бірге», «Отбасымен», «Достарымен» және «Жұлдызбен» тақырыбында түскен GPS форматындағы екі жұмыстан қабылданды. Нәтижесінде 8-11, 12-14 және 15-17 жас аралығында 1-орынды Ертіс ауданынан Әлихан Бағазинов, Ақсу қаласынан Әдина Жүнісова және Павлодар ауданынан Фаиз Назмутдинов иеленді. Жеңімпаздарға білім беру басқармасының атынан дипломдар табысталды, - дейді Самал Қадырова.

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: