Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақтөбеде пойызға кешігіп қалған 20 жастағы қыз жоғалып кетті

Қыздың туыстары хабарлағандай, такси жүргізушісі оны вокзалға дейін жеткізбеген.

Фото : 24 августа 2016, 09:40

Көркем атты бойжеткен Бершоғырдан Ақтөбеге оқуға түсу үшін келген. 20 тамыз күні кешке Шалқарға жүретін пойыздан кешігіп, Новый елді мекеніндегі әпкесіне баруды ұйғарған. Бірақ Көркем сол күйі хабарсыз кеткен. Жоғалған қыз әлі табылмады, деп жазды ҚазАқпарат ХАА, «Диапазон» жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап. Жоғалып кеткен Көркем Мақсаттың фотосын туыстары әлеуметтік желі арқылы таратты.

20 тамыз күні шамамен кешкі 20:30-да қыз Новыйдағы әпкесінің үйінен шығып, вокзалға жету үшін таксиге отырған. Ол Бершоғырға бару үшін Шалқар пойызына асыққан. Ақтөбеге екінші жоғары білім алу үшін құжат тапсыруға келген. Бір ай бұрын Көркем тұрмысқа шыққан.

Қыздың туыстары хабарлағандай, такси жүргізушісі оны вокзалға дейін жеткізбеген, 5 шағынаудан жетпей, қала ішіне тастап кеткен. Көркем күйеуіне хабарласып, пойызға үлгермейтінін, қайтадан тәтесіне баратынын, автобус жүрмегендіктен такси ұстайтынын хабарлаған.

«Бірақ ол тәтесінің үйіне қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі», - деді қыздың әпкесі.

Фото: www.inform.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии