Лента новостей
0

Ақтөбелік борышкерлердің 200 көлігі айып тұрағына қойылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.08.2016 22:32 Zakon.kz
710 адамның әкімшілік айыппұлдары бар екенін біліп, мәжбүрлі түрде орындау үшін 1459 қаулы шығарылған.

Ақтөбелік борышкерлердің 200 көлігі айып тұрағына қойылды. «Борышкер» акциясы кезінде 5,5 миллион теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Бір күнде үш мекеме күш біріктіріп, «Борышкер» акциясын өткізді. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті, Әділет департаменті және облыстық жеке сот орындаушыларының жергілікті палатасы айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерді ұстады. Олар жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті бұзған. «Автоураган-П» кешенін қолдану арқылы борышкерлердің көліктерін тоқтатып, айыппұл тұрағына қойды. Соңғы он күнде 5,5 миллион теңгеге жуық айыппұл өндіріліп, 200 көлік айып тұрағына жіберілді»,- дейді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Ардагер Уайдин.

Айта кетейік, 710 адамның әкімшілік айыппұлдары бар екенін біліп, мәжбүрлі түрде орындау үшін 1459 қаулы шығарылған. Сонымен қатар, жұмыс орындарына 187 қаулы жолданды.

Ақтөбе облысында мигранттарды тексеру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Заңға сәйкес олар жұмыс берушімен келісімшарт жасасып, еңбек салығын төлейді. Соңғы екі жылда өңірге 5 мыңнан астам мигрант келген екен. Ел қазынасына олардан 63 миллион теңге түсті. Қалалық ІІБ көші-қон полициясының аға инспекторы Әлия Иманалинаның айтуынша, еңбек мигранттары қалалық ішкі істер басқармасы басшысының атына арыз жазады. Салық төлегенін растайтын анықтама әкеліп, саусағының ізін тапсыруы тиіс.

Фото: admhmansy.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: