Лента новостей
0

Шардарада балық аулау жарысы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2016 01:32 Zakon.kz
Шардара су қоймасының жағалауында өткен өзгеше жарысқа Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстаннан және Өзбекстаннан командалар келіп қатысты.
Шардараға балықшылар жиналып, балық аулаудан жарысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Халықаралық турнирді шардаралық жеке кәсіпкер Бақытжан Серманиязов пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырған. Шардара су қоймасының жағалауында өткен өзгеше жарысқа Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстаннан және Өзбекстаннан командалар келіп қатысты.

Екі күн бойына өткен жарыста қармақпен ең көп балық аулаған командалар жеңімпаз атанды. Төрешілердің шешімімен І орынды Шымкент қаласының «Аспан» командасы иеленсе, ІІ орынды Өзбекстан республикасының командасы, ІІІ орынды Сарыағаш қаласының «Алтын балық» командасы еншіледі. Жеңімпаз командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, балықшылар арасындағы мүндай дәстүрлі жарыс бірнеше жылдан бері Шардара теңізінің жағасында ұйымдастырылып келеді.

Нұрлан Бектаев.

Фото: Otyrar.kz.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: