Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Кентау қаласының экономикалық және әлеуметтік жағдайы қарқынды дамып келеді

22 сентября 2016, 15:04

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға Ащысай ауылының су құбырын орташа жөндеу жұмыстарына 29,5 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде ауыл тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамту көзделуде.

Кентау қаласының халық саны 94845 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық - 40562 адам. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыссыздар саны 2122 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызы құрады. Ресми жұмыссыздар саны 1884 адамды құрап отыр.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

Бағдарламаның 1 бағыты (жергілікті инфраструктурамен дамыту арқылы және елді мекендерге орналастыру арқылы жұмыс орындарын ашу) бойынша 12 жобаны жүзеге асыру үшін 533,2 млн.теңге қаржы қарастырылды. Жобаны жүзеге асыру барысында 95 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 7 айдың қорытындысымен 6 жобаға 55 азамат жұмысқа орналасты немесе 57,8% құрады.

Бағдарламаның 2 бағыты (ауылды жерлер мен тірек ауылдарында кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру) бойынша 3 млн.теңгеге дейін - 10 азамат қаржыландырылды немесе 47,6% құрады (жылдық жоспар - 21 азамат).

Бағдарламаның 3 бағыты (оқыту және қажетті шегінде қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыру):

2016 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 20,0 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыссыз азаматтар қатарынан нысаналы топтағы - 107 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды. Мерзімінен бұрын аяқтаған 7 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының 3-ші бағыты аясында қайта даярлауға жұмыссыз азаматтар қатарынан 20 азамат жолданды. Жоспар 100% орындалды.

34 мекемеге 132 азамат жастар практикасына жолданып, оның ішінде 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 110% орындалды. 466 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға Ащысай ауылының су құбырын орташа жөндеу жұмыстарына 29,5 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде ауыл тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамту көзделуде.

Қарнақ ауылының су өткізгіш тораптарының құрылысына 200,0 млн. теңге қарастырылып, 7 айдың қорытындысымен 99,5 млн. теңгесі игеріліп, 40,2 шақырым ауыз су құбыры тартылды. Нысан 2017-2018 жылдарға өтпелі болып табылады.

«Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру» нысаны бойынша І-ІІ кезең жұмыстары аяқталып, ІІІ кезең жұмыстарының сметалық құны 1145,235 млн. теңгені құрап, құрылыс жұмыстарын «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдары жүргізу жоспарланған.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының 1230 шақырымында Үлгілі елді мекені арқылы өтетін АГТС-тан, Кентау қаласына дейін таратушы газ құбырын және №14 «Қызыл әскер» АГТС салу» нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жалпы сметалық құны 4 049,8 млрд. теңге құрады.

2015 жылы газ құбырларын жүргізуге республикалық және облыстық бюджет есебінен 1000,0 млн. теңге қаралған.

2016 жылға аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен 2609,7 млн. теңге қарастырылып, құрылыс монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 7 ай қорытындысымен 2016 жылға 1 559,3 млн. теңге игерілген.

Кентау қаласына қарасты Бүргем елді мекенін және Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету құрылыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 18,0 млн теңге қаралды.

Автокөлік жолдары Кентау қаласы мен ауылдарда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 261 шақырым. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жоқ, облыстық маңызы бар жоқ, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 14,95 шқ, елді мекен көшелері 246,05 шақырымды құрайды.

Мәдениет және спорт, туризм Мәдениет саласында 1 қалалық мәдениет үйі мен 4 ауылдық клуб, 1 қалалық орталық және 1 қалалық балалар, 4 ауылдық кітапхана, 3 қалалық кітапхана-филиалы, жалпы 14 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан жалпы саны мәдени 431 іс-шара (оның ішінде мәдениет сарайы және ауыл клубтары бойынша 156, кітапханалар бойынша 275 іс-шара) ұйымдастырылып, оған 80,0 мыңға жуық адам қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Ащысай ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 36,2 млн. теңге, Байылдыр ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 6,8 млн. теңге, Хантағы ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 11,4 млн. теңге, орталық кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеуге 15,9 млн. теңге, «Дружба» кинотеатры ғимаратын күрделі жөндеуге – 25,2 млн. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Спорт саласы.

Спорт пен жүйелі түрде айналысушылар саны 22165 адам, тұрғындардың 23,5 % құрады. 2016 жылдың 7 айына бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 207 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, 11681 адам қамтылды.

Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Ашысай ауылындағы спорт кешеніне 2016 жылға ағымдағы жөндеуге «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасымен Бокс мектебіне 13,9 млн. теңге және Ащысай ауылындағы спорт кешеніне 12,3 млн. теңге қаражат бөлінді.

Ащысай ауылындағы спорт кешені бойынша «Анар-Асем» ЖШС конкурс жеңімпазы болып анықталды. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Туризм саласы Кентау қаласының «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің экоағарту және туризм бөлімінің көрсететін қызметтері үшін 2016 жылдың 6 айында 82 адамға туризм бойынша қызмет көрсетілген.

Кентау қалалық музейіне 2016 жылдың 6 айында келушілер саны 4468 адамға қызмет көрсетілген. Қазіргі таңда 1 туристік маршрут дайындалған.

Бұл маршрутта «Хантағы Кемпіртас»; ғылыми танымдық кешені «Қаратау табиғаты», Ханның тағы, Жасарбұлақ, Күлжабай сайы, Тастың бауы, Кемпіртас экскурсиялық соқпақты тамашалай алады.

Фото: otyrar.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...