Лента новостей
0

Қызылорда облысында тастан жасалған қобыз табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.08.2017 11:18 Zakon.kz
Құнды жәдігерді археологтар Сортөбе қалашығының үшінші қабатын қазу кезінде тауып отыр.
Сыр өңіріндегі Қорқыт кесенесі маңынан тастан жасалған қобыз табылды. Археологтардың болжамы бойынша, бұл жәдігер оғыз дәуіріне жатады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Ал Сортөбе қаласы – ІХ-Х ғасырларда порт ретінде тіршілігі қызған шаһар. Қазір ежелгі мекеннің 60% бөлігін су шайып кеткен. Құнды жәдігерді археологтар Сортөбе қалашығының үшінші қабатын қазу кезінде тауып отыр. Қобыздың көлемі 40 сантиметр шамасында. Музыкалық аспаптың мүсіні құмшауыт тастан қашалып, моншақтармен әрленген.

Ғалымдар осы ретте егер көне қалашық толық аршылса, Қорқыт бабаға қатысты жаңа деректер шығуы мүмкін екендігін айтады.

Сырдарияның негізгі арнасы қаланы салған кезде Сортөбеден алыстау болған. Ал қазір, су шайған шаһардың бір бұрышы ғана қалған. «Сондықтан тарихтан сыр шерткен мекенді зерттеп-зерделеу және табылған жәдігерлерін мұражайға тапсыру жұмыстарын жүйелеу қажет», – дейді ғалымдар.

- Қобыз бейнесіндегі тастан жасалған қобыздың сұлбасы. Өзім суретші ретінде мұның қобыз екенін білдім. Әркім әртүрлі жорамал жасай береді. Бірақ қағаз бетіне біркелкі түсірген кезде айқын көрінеді. Табиғи деп айтайын десек, табиғиға келмейді. Арты жонылған. Мына жақтары теп-тегіс, жылтыр қылып өңделген, - дейді өнертанушы Ағабек Назаров.

- Бұл жер қыстақ болуы мүмкін. Себебі халық осында, дарияның жағасына малға жайлы, шөбі шүйгін болғандықтан тұрақтаған. Негізі ескерткіштің 4 мәдени қабаты бар. Оғыз мәдениеті Жетіасар мәдениетімен байланысты. Жалпы мұндай мәдени ескерткіш Орталық Азияда жоқ, - дейді Мемлекеттік шығыс музейінің аға ғылыми қызметкері /Мәскеу/ Сергей Болелов.

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: