Лента новостей
0

Абай Бегей отбасында болған қайғылы жағдай жөнінде айтып берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.11.2017 11:33 Zakon.kz
Егер сіз Абай Бегейдің шығармашылығымен таныс болмасаңыз – Еуразия бірінші арнасынан «Қайырлы кеш, Қазақстан!» шоуының алдағы шығарылымдарын сенбі сайын 19.45-те қараңыз.
Еуразия бірінші арнасының эфиріне күн сайын сағат 12-де шығатын «Қалаулым» ток-шоуының көрермендері күн санап артып келеді. Бағдарламадағы ең шынайы эмоцияларды, түрлі тағдырларды ең дарынды сценарийші де ойлап таба алмайды. Себебі бұл бағдарламаның сценарийшісі – өмірдің өзі.

«Қалаулым» студиясының қонағы – Абай Бегей Еуразия бірінші арнасының тікелей эфирінде өз отбасында болған қайғылы жағдай жөнінде айтып берді. Екі жыл бұрын оның жары Жанат өмірден озды. Төрт бала анасынан айырылды. Бұл қайғының басынан қалай өткені және тағдырдың сынына қалай төтеп беріп жүргені жөнінде Абай Бегей бірінші рет ашып айтты.

«2014 жылы анам қайтыс болды, ал 2015 жылы жолдасымнан айырылдым. Бұл маған өте ауыр болды. Жұртқа жар салмай-ақ қояйын, жағдайым қиын деп. Алланың берген өмірін сүріп жатырмын. Бірақ маған бала тәрбиелеу, сол жағынан қиналам. Үйде нағашы апасы қарап жатыр, көмектесіп жатыр. Соның өзінде ананың орны бөлек. Маған жиі «Үйленбейсіз ба» деп сұрақ қойып жатады. Алайда ананың орны бөлек. Сол себепті олардың жүрегін ауыртқым келмейді. Қазір ештеңе айта алмаймын. Алайда балаларым өсіп, өздері оң қарап жатса, үйленермін. Бірақ қазір мынау «мамаларың» деп біреуді алып бару мен үшін өте қиын», - дейді әнші.


Абай Бегей өз басындағы жағдаймен Еуразия бірінші арнасы эфирінде бөлісуге келіскен себебім – басына осындай тағдырдың сынағы түскен адамдарға ой қосу дейді.



«Мұндай жағдайлар көп кездесіп жатады. Басына мұндай сынақ түскендерге айтарым – Алла Тағала «жамандық берем, алайда күтіңдер, артынша жақсылығын берем» дейді. Сондықтан сынақтан өту керек. Ішімдікке салынып кетпеу керек. Өмірге әкелген балалардан қашпау керек. Балаларды тастап, басқа әйел алып, кетіп қалу дегенге өз басым қарсымын. Өмірге әкелдің бе – сен міндеттісің, соны қарауға, жағдайын жасауға. Ал балаларың есейіп, өздері рұқсатын беріп жатса – онда үйленуге болады», - деген пікір білдірді әнші.

Егер сіз жүрегі мейірімге толы осы бір жанның шығармашылығымен таныс болмасаңыз – Еуразия бірінші арнасынан «Қайырлы кеш, Қазақстан!» шоуының алдағы шығарылымдарын сенбі сайын 19.45-те қараңыз.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: