Лента новостей
0

Сот жұмысының ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа технологиялар

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.09.2017 11:39 Zakon.kz
Жаңа технологиялар сот жұмысында қолдану сот жұмысының ашықтығын, қолжетімдігін қамтамасыз етеді
Зайсан аудандық соттың жұмысында жаңа технологияларды қолдану соңғы жылдары үлкен қарқын алып, қазіргі күні бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Соның айқын көрінісі 2016 жылы аудандық соттағы барлық сот залдары дыбыс-бейнежазба құралдарымен жабдықталып, барлық қаралған істер жүз пайыз дыбыс-бейнежазба қолдану арқалы қаралған. 2016 жылы Зайсан аудандық сотына 593 талап арыз түссе, оның 573-і немесе 96,6 пайызы «Сот кабинеті» жүйесі арқылы түскен. Ал әкімшілік істер бойынша барлығы 846 іс түссе, оның 846-і немесе 100 пайызы «Сот кабинеті» арқылы түскен.

Ал енді бұл жаңа технологияларды сот жұмысында қолданудың тиімділігі мен артықшылықтарына тоқталатын болсақ, азаматтар мен заңды тұлғалар «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды, өтініш, жүгінулерді, апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды сотқа бармай-ақ жолдауға және мемлекеттік төлемдерді онлайын түрінде төлеу мүмкіндіктері қарастырылған. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжаттарын қарап, істің барысымен танысып, сот актісін басып шығара алады. Бұл ретте тұтынушылардың электронды сандық қолтаңбасы және интернет желісі болса болғаны.

«100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 20-қадамында: «Барлық сот процестері бейне және таспаға жазу арқылы жүргізуге және судьяның бейнежазбаны тоқтатуға, оны редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп нақты көрсетілген. Бұл міндет қәзіргі таңда толықтай орындалды, жоғарыда айтып кеткендей аудандық сотта сот залдары толықтай дыбыс-бейнажазба құралдарымен жабдықталған, барлық сот процестері дыбыс-бейнежазбаға түсірілу арқылы жүргізіледі, оны тоқтатуға, редакциялауға судьяның мүмкіндігі жоқ. Бұл сот процестерін судьяның заң талаптарына сай жүргізуіне оң ықпал етеді және тараптарды да заң талаптарын қатаң сақтауға итермелейді. Сондай-ақ бұрын сот отырыстарының хаттамалары жазбаша жасақталып, жазбаша хаттама жасау белгілі уақытты талап ететіндіктен, хаттамалардың уақытылы жасақталмау фактілері орын алып келсе, ендігі жерде сот отырысының хаттамасы бейнежазба дискісі тіркеле отырып электрондық нысанда жасақталады. Электрондық нысанда жасалған хаттаманы даярлау көп уақытты қажет етпейді және сот процесінің қалай өткендігін басынан аяғына дейін дыбыс-бейнежазба арқылы нақты көрсетеді. Бұл өз кезегінде сот отырыстарының хаттамаларының уақтылы даярланбау, хаттаманың сапасына байланысты, тағы басқа түрлі шағымдарды болдырмайды.

Жаңа технологиялар сот жұмысында қолдану сот жұмысының ашықтығын, қолжетімдігін қамтамасыз етеді және заң үстемдігін өз дәрежесінде қамтамасыз етуге оң ықпал жасайды.

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев

Фото: alashinform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: