ҚР-да медициналық көмектің кепілдікті көлеміне жыл сайын 700 млрд теңге бағытталады

Zakon.kz
Қазақстан бүгінде денсаулық сақтауға ішкі жалпы өнімнің 3,5 пайызын жұмсайды.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін МӘМС қорына қосымша 350 млрд теңге жинауға мүмкіндік пайда болады, олар медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталады, деп мәлімдеді «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ төрағасы Әсет Байгенжин. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Айта кетерлігі, бүгін ҚР медициналық көмектің кепілдікті көлемі жыл сайын шамамен 700 миллиард теңге бағыттайды. Осыған қатысты айтарым, бұл қаражат - 700 миллиард теңге ешқайда да кетпейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін МӘМС қорына қосымша 350 млрд теңге жинауға мүмкіндік пайда болады, олар медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталады», - деді Ә.Байгенжин онлайн-конференция барысында.

Ә.Байгенжиннің мәліметінше, Қазақстан бүгінде денсаулық сақтауға ішкі жалпы өнімнің 3,5 пайызын жұмсайды.

Естеріңізге салсақ, ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңы 2017 жылы күшіне енеді.

Фото: ank.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию