Польшадағы саммитте бітімгершілік бөлімшелердің НАТО елдерімен үйлесімділігі талқыланды

Zakon.kz
Қазіргі уақытта «Дала қыраны» оқу-жаттығуы Орта-Азиялық өңірдің қарулы күштерімен НАТО мемлекеттерінің өзара іс-қимылын ұстап тұрудың пәрменді құралы болып табылады.

Бітімгершілік бөлімшелерді дайындау және олардың НАТО мемлекеттерінің қарулы күштерімен жедел үйлесімділігі аясындағы мәселелер Солтүстік Атлант Шарты Ұйымының 28 елі мен Польшадағы жедел үйлесімділік бастамасының 26 қатысушы елінің қорғаныс министрлері отырысында көтерілді, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Отырыс НАТО саммиті шеңберінде өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы да қатысты.

Бүгінгі күні қазақстандық армияда бітімгершілік бөлімшелерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Шетел мемлекеттері Қарулы Күштерінің тиісті бөлімшелерімен тәжірибе алмасу және бірлесіп практикалық өзара іс-қимыл жасау үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жыл сайын «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізеді. Аталмыш оқу-жаттығу Ұлыбритания, АҚШ және НАТО-ның өзге де елдері және серіктес елдермен 2003 жылдан бастап Қазақстан мен шетелдің әскери полигондарының аумағында өтеді. Қазіргі уақытта «Дала қыраны» оқу-жаттығуы Орта-Азиялық өңірдің қарулы күштерімен НАТО мемлекеттерінің өзара іс-қимылын ұстап тұрудың пәрменді құралы болып табылады.

Қосымша қорғаныс министрлерінің отырысы аясында қазақстандық делегация қорғаныс ведомстволарының өкілдерімен, оның ішінде, Әзірбайжан, Армения, Ирландия Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс министрлері, Польша Қорғаныс министрлігі мен Оңтүстік Корея қарулы күштері штабтар бастықтарының біріккен комитеті басшылығымен, НАТО жанындағы Жапонияның өкілімен бірқатар кездесулерге қатысқанын айта кеткен жөн.

Фото: www.mod.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Шерпы отец и сын сотворили легендарное достижение на вершине Эвереста

Наташа Королёва публично обратилась к 88-летней маме Игоря Николаева

Джеки Чан в Казахстане: первые кадры съемок "Доспехов Бога 4: Ультиматум" стартовали в Мангистау

Трем знакам зодиака звезды приготовили год счастья, денег и любви

Доллар идет к 500 тенге: каким будет курс на новой неделе