Қарағандыда BMW автокөлігі жанармай құю стансансына кіріп кетті

Көлік оқиғасының суреттері мен мен видеолары әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Қарағандыда BMW автокөлігінің жүргізушісі жанармай құю стансасының (ЖҚС) ғимаратына кіріп кетті, деп хабарлайды stan.kz, ҚазАқпарат облыстың ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Қарағандыда 11 қаңтар күні жылдамдықты шамадан тыс арттырған 29 жастағы көлік жүргізушісі Бөкетов пен Тәттімбет көшелерінің қиылысында орналасқан ЖҚС ғимаратына кіріп кетті. ЖКА дерегі бойынша, ҚР Әкімшілік кодексі 610-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шегушілер жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Құдияровтың айтуынша, қазіргі уақытта ЖҚС-ға келтірілген шығын анықталуда. Ал көлік оқиғасының суреттері мен мен видеолары әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Видеодан автокөліктің ЖҚС ғимаратына кіріп кетіп, шыны құрылымды соққанын көруге болады.

Фото: stan.kz

Следите за новостями zakon.kz в: