Түркістан облысының мұғалімдері Туркияға аттанды

Самат Мырзалиев
Құзырлы мекеме мамандарының айтуынша, бұл жолдама кез келген мұғалімге берілмейді.

Түркістан облысы білім саласының мамандары ұдайы шет мемлекеттерде тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттырып келеді. Биыл да жыл басталысымен Түркістан облысының он алты ауданы мен көне шаһардың 40 тәжірибелі педагогы арнайы бағдарлама аясында Түркия Республикасына іс-сапарға жіберіліп отыр.

Бұл жобаның мақсаты – бауырлас әрі қандас өзара тату екі ел – Тәуелсіз Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарын дамыту, ортақ құндылығымыз – Қожа Ахмет Ясауи мұраларының кеңінен насихатталуына үлес қосу. Сонымен қоса, Елбасының биылғы Жолдаудағы ұстаз мәртебесін көтеру туралы тапсырмасын орындап, ұзақ жылдар еңбек еткен мұғалімнің еңбегін бағалау, сондай-ақ білімін жетілдіріп қайтуына жағдай жасау.

Құзырлы мекеме мамандарының айтуынша, бұл жолдама кез келген мұғалімге берілмейді. Жолдама алу үшін арнайы талап ескерілген. Отандық мұғалімдер өзге мемлекеттерден келген әріптестерімен жүзбе-жүз кездесіп, білім деңгейін арттырып, тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табады деп жоспарлануда. Өткен жылы облыстан 150-ге жуық ардақты ұстаз шет елге аттанған болатын.

Фоторепортажи

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию