Сот қауымдастығының басты форумы өтті

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.03.2017 16:48 Фото: zakon.kz

Сот қауымдастығының басты форумы өтті

 

 Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының кезектен тыс VII съезді Астана қаласында өткізілді.

Судьялар Одағының кезектен тыс VII съездін өткізу туралы шешім судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне деген қоғам талабының артуына, сондай-ақ Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдау қажеттілігіне байланысты қабылданған болатын. Бұл - бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының № 19 қадам іс жүзінде орындау.

Съезде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөз сөйлеп, соңғы жылдары сот жүйесінің, соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру тұрғысындағы даму қорытындыларын шығарып, сондай-ақ еліміздің сот-құқық жүйесінің одан әрі дамуының басымдықтарын айқындап берді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми өз сөзінде съезд ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде өтіп жатқандығын атап өтіп, осы жылдар ішінде Қазақстан демократиялық, саяси-құқықтық жүйесі бар мемлекет ретінде қалыптасқанын, әлемдік аренада жоғары беделге ие болғандығын айтты.

Мемлекет басшысының бейбіт және тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ғаламдық бастамалары мен нақты істері халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Ол мемлекеттік басқарудың негізгі органы ретіндегі сот жүйесін қалыптастыру мен реформалауға қосқан Тұңғыш Президенттің үлесін атап өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми өз сөзінде, «Соттар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа тұрпаттағы сот құрылымы мен сот ісін жүргізуді қалыптастыру бойынша стратегиялық мақсатты басшылыққа алды, бүгінде бұндай сот жүйесі қалыптасты және табысты дамуда», — деді.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми Судьялық әдеп кодексінің жаңа редакциясы жобасының судьялардың кәсіби қызметі мен тұрмыстағы жүріс-тұрысы үшін моральдық жауапкершілігін арттырудағы маңызы зор екендігін айтты. Жоба судьялар мен жұртшылық арасында кеңінен талқыланып, Еуропалық одақтың Венециялық комиссиясының арнайы отырысында таныстырылды.

Республиканың судьялар корпусының өкілдері Судьялық әдеп кодексінің жаңа жобасын талқылап, оны бірауыздан қабылдады.

Форум делегаттары Судьялар одағының Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады, оның Ревизиялық комиссиясының есебін талқылады.

Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындылары шығарылып, келешекке бағытталған өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

 

 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық

сотының төрағасы Н.Т.Сұлтанов

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: