Аяғына марихуана жасырған азамат қолға түсті
Zakon.kz
Қызметтік ит аталған азаматтың аяқкиімінде есірткінің бар екендігін анықтады.
Қазақ-өзбек шекарасында орналасқан "Қапланбек-авто" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары 12 сәуір күні кешкі сағат алтының шамасында қызметтік иттің көмегімен 34 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды today.kz.
"Қызметтік ит аталған азаматтың аяқкиімінде есірткінің бар екендігін анықтады. Амал жоқ, әлгі азаматтың аяқкиімін шешуіне тура келді. Иттің белгісі тура болып шықты. Аяқкиім ішінен 151,3 грамм марихуана шыға келді. Аяғына осылайша есірткі затын жасырып, көршілес Өзбекстанға өте шықпақ болған жерлесіміздің қулығы іске аспай қалды", – дейді . ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің берген мәліметінде.
Фото: opp.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript