Қостанай облысында такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Zakon.kz
Машинаның ішінен түскен екі бейтаныс жігіт таксистің машинасына мініп алып, күш көрсетіп, ақша талап етеді.
Сарыкөл ауданында жыл басынан бері такси жүргізушілеріне 3 рет шабуыл жасалды. Соңғысы 8 сәуір күні кешкі сағат 20.00 шамасында болды.
Жас такси жүргізушісі кезекті тапсырысына бет алады. Ол орталықтағы «Vikka» дүкенінің жанына жете бергенде, оны ВАЗ-21099 маркалы автокөлігі қуып жетіп, сигнал беріп тоқтады.
Машинаның ішінен түскен екі бейтаныс жігіт таксистің машинасына мініп алып, күш көрсетіп, ақша талап етеді. Осылайша жәбірленушінің екі күндік табысын тартып алып, табандарын жалтарған. Сарыкөл АІІБ мәліметінше, бұл оқиға бойынша қос күдікті құрықталып, қылмыстық іс қозғалды-деп хабарлайды «Қостанай таңы».
Фото: alau.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript