Эквадордағы зілзала: Қаза тапқандар саны 77 адамға жетті, 600-ге жуығы жаралы

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2016 15:58 Zakon.kz
Эквадор президенті Рафаэль Корреа төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Эквадор жағалауындағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 77 адамға жетті, тағы 588 тұрғын жапа шеккен. Бұл туралы ел вице-президенті Хорхе Глас Эспинель мәлім етті, деп жазады bnews.kz.

«Қазіргі таңда 77 адамның көз жұмғаны туралы дерек расталып отыр, тағы 588-і жараланған», - деп мәлім етті Глас. Эквадор геофизика институтының мәліметінше, кеше кешке (Мәскеу уақытымен бүгін таңертең) ел жағалауында магнитудасы 7,8 жерасты дүмпуі тіркелген. Зілзала ошағы Педерналес қаласы ауданында, 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Римде жұмыс сапарымен жүрген Эквадор президенті Рафаэль Корреа төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгін күндіз мемлекет басшысы еліне оралады деп күтілуде.

Фото:www.bbc.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: