Алматыда жас натуралистер фестивалі өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2016 15:29 Zakon.kz
Фестиваль аясында «Қызғалдақтар қиырда құлпырады» атты әдеби-музыкалық сайысы, интеллектуалды шоу және түрлі шеберлік сыныптары өткізілді.

Алматыда «Көктем көркі - қызғалдақ» атты жас натуралистер фестивалі өтті. Өскелең ұрпаққа табиғат пен адамның егіз екенін, Ал қазақ жері жабайы қызғалдақтардың отаны болып танылғаны түсіндірілді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Фестиваль аясында «Қызғалдақтар қиырда құлпырады» атты әдеби-музыкалық сайысы, интеллектуалды шоу және түрлі шеберлік сыныптары өткізілді.

"Бұл фестиваль Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен ару қаламыз - Алматының 1000 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылып отыр. Біз аз да болса, туған қаламыздың құлпыруына септігімізді тигізгіміз келді. Егер әр қала тұрғыны осылай жасаса,біздің шаһарымыз - жайқалған, әсем, әлемнің ең сұлу қаласы болар еді",- деді Алматы Жас натуралистер станциясының директоры Зейнеп Аришева.

Фото: almaty.tv

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: