Павлодар облысында 500-ден астам жас ұстаз мектептерге жолдама алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2016 19:11 Zakon.kz
Ауылдық квота бойынша 87 түлек, аудан және қала әкімдерінің гранты бойынша 77 түлек және ҚР білім беру гранттары бойынша 413 түлек жоғары оқу орындарында білім алған.

Павлодар облысының мектептеріне жұмысқа орналасуға 528 педагог жас маман жолдама алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Инновациялық Еуразия университетін 805 түлек, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжі мен Павлодар музыкалық колледжін 334 түлек бітірген.

- Ауылдық квота бойынша 87 түлек, аудан және қала әкімдерінің гранты бойынша 77 түлек және ҚР білім беру гранттары бойынша 413 түлек жоғары оқу орындарында білім алған. Көптілде оқыту бағдарламасы бойынша ПМПИ-дің 82 түлегі оқу жылын аяқтауда. Оның 26-сы биология, 17-сі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, 18-і педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі, 11-і математика және 10-ы физика мамандықтары бойынша білім алған. Жұмыс орындарына бөлу кезінде бітіруші дипломының орташа балы ескеріледі. Аймақтағы білім беру ұйымдарына жіберілген 520 түлектің 351-і жоғары оқу орындарының және 169-сі колледж бітірушілері, - деді білім беру басқармасының маманы Балжан Әділханова.

Фото:pavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: