Алматыда Пасханы мерекелеуге 4000 адам жиналмақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2016 23:31 Zakon.kz
Айта кету керек, биыл мереке 1 мамыр халықтар бірлігі күніне түсіп отыр. Биылғы шараға 4000 адам жиналады деген жоспар бар.

Алматыда Пасханы мерекелеуге 4000 адам жиналмақ. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы орыс, славян, казак ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары Наталья Ливинская айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Біз осымен үшінші жыл қатарынан Пасха мейрамын 28 панфиловшылар саябағында өткізіп отырмыз. Биыл біз «FEEL RUSSIA» фестивалінің аясында өткізіп отырмыз. Фесивальде өнер көрсеткен ансамбльдердің кейбірі пасхада да өнер көрсететін болды. Ең басты мейман Мәскеуден келген «Folk beats» тобы фольклорлық әндерді қазіргі дыбыстық өңдеуде орындайтын болды», - деді ол.

Айтулы шарада әр ұлт өкілдері өзінің ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін өткізеді.

Суретшілер Пасха символы декоративті жұмыртқаларды әрлеумен айналысады.

Айта кету керек, биыл мереке 1 мамыр халықтар бірлігі күніне түсіп отыр. Биылғы шараға 4000 адам жиналады деген жоспар бар.

Гүлмира Ғосманәли

Фото: www.threeda.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: