Қарағандыда мас жолаушы автобусқа «жарылғыш» қойған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.05.2016 21:59 Zakon.kz
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағандыда ішінде 47 адамы бар автобусқа «жарылғыш зат қойған» мас 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 22 мамырда кешкі жетілер шамасында орын алған.

«102 телефонына автобус кондукторы хабарласып, салонда бірнеше секундтан кейін бомба жарылатынын мәлімдеген. Жүргізуші автобусты тоқтатып, 47 адам сыртқа шыққан. «Арлан» арнайы бөлімшесінің саперлері автобусты тексеріп, жарылғыш зат таппады. Сағат 19.50-де іздеу тоқтатылды», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Б. Құдияров.

Оның айтуынша, Қарағанды ІІБ жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері оқиға орнынан мас 38 жастағы ер адамды ұстады.

«Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ҚР ҚК 273-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде», - деді ол.

Фото: kaztv.softdeco.net

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: