Бейжің олимпиадасында жеңімпаз болған екі ауыр атлетіміз медалін қайтарып береді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.07.2016 21:34 Zakon.kz
Енді алдағы уақытта Халықаралық олимпиада комитеті Б сынамасын тексереді.

Бейжің олимпиадасы кезінде алынған сынамаларынан допинг ізі табылған алты қазақстандық спортшының төртеуі - ауыр атлет. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Осы мәліметке сүйенсек, төрт атлеттің екеуі - Бейжің олимпиадасында күміс медаль алған Ирина Некрасова (63 келі) және қола жүлдегер Мария Грабовецкая. Үшіншісі 85 келіде төртінші орын алған Владимир Седов болған. Төртінші ауыр атлеттің есімі - Илья Ильин. Енді алдағы уақытта Халықаралық олимпиада комитеті Б сынамасын тексереді. Егер бұл кезде сынама оң нәтиже берсе олардың нәтижесі жойылады. Яғни, Бейжің олимпиадасынан жеңіп алған екі ауыр атлетіміз медалін қайтарып береді.

Естеріңізге сал кетейік, Бейжің олимпиадасында қазақ спортшылары 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медал жеңіп алған болатын. Олар: Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі); Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі); Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі).

Күнсұлтан Отарбай

Фото:munara.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: