Астанадағы 130 мыңға жуық оқушы оқу жылының басына қарай оқулықтармен 100% қамтылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.07.2016 23:26 Zakon.kz
Айта кетейік, ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 1-ші сынып оқушыларына, 4-сынып оқушыларына ағылшын тілінен, 8-9 сыныптардың оқулықтары алынды.

2016-2017 оқу жылында Астананың барлық 129 мың оқушысы оқулықтармен 100% қамтылады, деп хабарлады Астана қаласының Білім беру басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев жаңа оқу жылына дайындыққа арналған брифинг барысында. Бұл туралы , Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«1 қыркүйекке таман оқулық бойынша көп мәселе туындайды деп күтілуде. 129 мың оқушы 100 пайыз оқулықпен қамтылады. Баспалар оқулықтарды шығарды, біз тендер өткізіп, 10 тамызға дейін жеткізу мәселесі бойынша келісім орнатып жатырмыз. 10 тамыздан кейін оқулықтар сынып жетекшілері арқылы тартылады. Кітапты сатып алу, ұзынсонар кезекте тұру деген мәселе тумайды. Ертең біз жеткізушілермен мәселені шешеміз. Тағы қайталаймын, оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылады», - деді Қ.Сенғазиев.

Оның айтуынша, тамыздың соңында пайда болатын кезектер оқулықтарға қосымша қажетті дәптер алуға қатысты туындауы мүмкін.

«Егер де бір ата-ана болсын кітаппен қамтылмаса, маған білім беру басқармасына келе алады. Біз бұл сұрақты бірден шешеміз», - деп сендірді Астананың Білім беру басқармасының басшысы.

Айта кетейік, ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 1-ші сынып оқушыларына, 4-сынып оқушыларына ағылшын тілінен, 8-9 сыныптардың оқулықтары алынды.

Фото: Pm.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: