«Ертіс» ФК-ның жастары елордалық аяқдопшыларды тізе бүктірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.08.2016 18:00 Zakon.kz
Кездесудің алтыншы минутында Талған Күсепов гол соғып, қонақтарды алға шығарды. Алайда, елордалықтардың қуанышы көпке созылмады.

Екінші лиганың 14-і туры аясында павлодарлық жастар өз алаңында «Астана» футбол клубын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ойын тартысты басталды, алма кезек шабуылдар қос команданың жеңіске деген ынтасын байқатты. Кездесудің алтыншы минутында Талған Күсепов гол соғып, қонақтарды алға шығарды. Алайда, елордалықтардың қуанышы көпке созылмады. Араға екі минут салып «Ертіс» есепті теңестіріп, Евгений Мосин мергендігімен танылды.

Ал, 17-минутта Роман Богданов астаналықтардың қателігін ұтымды пайдаланып, гол соқты. 31-минутта Біржан Сағындықов есепті 3:1-ге жеткізіп, ойынның нүктесін қойды. Екінші таймда өткір шабуылдар жасалып, есепті өзгертетін мүмкіндіктер көп болды. Бірақ, қос қақпашы қақпаларына гол салдырмады. Кездесу 3:1 есебімен павлодарлықтардың жеңісімен аяқталды.

Фото: Рavlodarnews.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: