Алматыны бұзылу қаупі бар тау көлдерінен қорғау үшін 17 млрд. теңге қажет

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.08.2016 23:39 Zakon.kz
Бүгінгі таңда Ақсай өзенінің бассейнінде 15 мореналық көл бар екен. Олардағы судың жалпы көлемі миллион текше метрге жуықтайды.

Алматыны таудағы бұзылу қаупі бар мореналық көлдерден қорғау үшін 17 млрд. теңге қажет. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен бірге Наурызбай ауданындағы Қарағайлы өзенінің арнасын қалпына келтіру және нығайту жұмыстарының барысымен танысу барысында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Қазіргі таңда Алматы іргесіндегі Іле Алатауында барлығы 41 мореналық көлдер бар екен. Олардың ішінде 17 көл қауіпті. Ал төрт көлдің жағасының бұзылу қаупі жоғары.

«Қалада жаңбыр жауып тұрса, тауда қар жауады. Қатты күн ысығанда көлдердің суы тез толады. Сөйтіп, қалаға үлкен қауіп төндіреді.

Сондықтан, қазір қуатты сусорғыштардың көмегімен сол көлдердің суын төмен қарай ағызып жатырмыз. Бір көлдің суы тіпті таусылды десе де болады. Осылайша қалаға келетін қауіпті сейілтуге күш салып жатырмыз», - деді Б. Байбек.

Бүгінгі таңда Ақсай өзенінің бассейнінде 15 мореналық көл бар екен. Олардағы судың жалпы көлемі миллион текше метрге жуықтайды. Сондықтан бүгінгі шара барысында осы өзеннің бойында селге қарсы бөгет салу мәселесі көтерілді.

«Қарағайлы өзенінде бөгет бола тұра, былтыр орын алған сел үлкен залал келтірді. Ал Ақсай өзенінде селге қарсы бөгет мүлдем жоқ. Ал ондағы су көлемі - 100 есе көп және бұл аумақта 30 мың адам өмір сүріп жатыр. Егер жойқын сел бола қалса, келтірілген залал кем дегенде - 100 миллиард теңгені құрайды. Адамдар құрбан болады. Сондықтан қазір жобалық техника-экономикалық негіздеме және жоба-сметалық құжаттама әзірлеп жатырмыз. Бұған қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. Бұл жобаға 17 миллиард теңге қажет. Соның арқасында қаланың қауіпсіздігі мәселесі біржола шешіледі», - деді Б. Байбек.

Айбота Жаппарберген

Фото: 365info.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: