Е.Ыдырысов:Қазақстан елімізде шетел бизнесінің жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасауға дайын

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 18:07 Zakon.kz
Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д. Ерғожин түзетулер шетелдік бизнеске әсер етпейтіндігін атап өтті.

Қазақстан еліміздегі шетелдік бизнес жағдайына баса көңіл бөледі, біз оның жұмыс жасауына барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, деді ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада шетелдің дипломатиялық корпусына арналған брифинг барысында. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсінік бере отырып, Е. Ыдырысов қаржылық жауапкершілік мәселелері, қаржылық ашықтықты және мағыналы бюджеттік шығыстар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын енгізу шеңберінде қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттік жүйесін реформалау кезеңдегі қаржылық бақылау күш-жігері орталық орын алатынын және адам құқықтары мен демократия саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес екенін атап өтті.

«Қабылданған ережелер халықаралық тәжірибеге ғана сәйкес емес, сонымен қатар олар Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бес институционалдық реформалар аясындағы «100 нақты қадамның» негізгі бағыттарының бірі болып табылады, себебі заң үстемдігі, мемлекет және қоғам ашықтығыерекше маңызға ие», - деді министр.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д. Ерғожин түзетулер шетелдік бизнеске әсер етпейтіндігін атап өтті. Оның айтуынша, заңнаманың жаңа нормалары ЭЫДҰ–ға мүше мемлекеттер мен еліміздің өзге де халықаралық серіктестеріне Қазақстандағы шетелдік қаржы ағындарының ашықтығын одан сайын арттыра түсетіндігіне мүмкіндік береді.

Айтып өтер болсақ, 2014 жылы Қазақстан Республикасы ратификациялаған ЭЫДҰ-ның салық салу мәселелері бойынша өзара әкімшілік көмек көрсету туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк жеке және заңды тұлғалар жасаған ақша амалдары бойынша ұйымның мүше мемлекеттердің кез келген сұрауына жауап беру тиіс. Қабылданған түзетулер ЭЫДҰ жанындағы Қазақстанның міндеттемелерді орындау үшін жағдай әзірлеуде.

«Елдегі шетелдік бизнестің жай-күйі Қазақстанды алаңдатады, біз оның жұмысы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға дайынбыз және Мемлекеттік кіріс комитеті заңды жүзеге асыру бойынша мәселелер туындаған жағдайда дипломатиялық корпуспен және Қазақстандағы шетелдік бизнеспен белсенді жұмыс жасауға ашық», - деп сендірді Е. Ыдырысов.

Фото: liter.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: