Павлодар облысында Лебяжі ауданы жемқорлық бойынша көш бастап тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 22:47 Zakon.kz
Қалалар арасында ең көп қылмыс Павлодарда анықталды. Мұнда заңды белшесінен басып өтудің 97 оқиғасы, Екібастұзда 21 жағдай есепке алынған.

Павлодар облысында сыбайлас жемқорлық бойынша аудандар арасында Лебяжі бірінші орында тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы "2016 жылдың бірінші жарты жылдығында құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қатысты қолданып жатқан іс-шаралар қорытындысы" тақырыбында өткен брифинг барысында облыстық прокуратураның екінші басқармасының бастығы Бейсенбек Әлиев мәлім етті.

- Облыстағы аудандар арасында сегіз қылмыстық іс орын алған Лебяжі елді мекені көш бастап тұр. Бұдан кейінгі орынды алты қылмыстық фактімен Баянауыл ауданы және үшінші орынды төрт қылмыстық фактімен Павлодар ауданы алады. Қалалар арасында ең көп қылмыс Павлодарда анықталды. Мұнда заңды белшесінен басып өтудің 97 оқиғасы, Екібастұзда 21 жағдай есепке алынған. Бүгінгі таңда өңірде жемқорлыққа қатысты 169 қылмыстық құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Оның 70-сы аса ауыр қылмысқа жатады. Сондай-ақ, сотқа 103 материал жіберілген. Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде келтірілген шығын 15,6 миллион теңгені құрады. Бүгінде оның 10,4 миллион теңгесі өндіріп алынған,- деді Бейсенбек Әлиев.

Абзал Қабдраш

Фото: mgorod.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: