Бейжің-2008 Олимпиадасына қатысқан 4 қазақстандықтың допинг-сынамасы оң нәтиже берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.08.2016 20:08 Zakon.kz
IWF-тің қолда бар ережелеріне сәйкес, спортшылардың антидопингтік ережелерді бұзуға қатысты тергеу аяқталмайынша, регламент бойынша оларды шартты түрде жарыстардан шектеу қарастырылған.

Бейжің-2008 Олимпиадасына қатысқан 6 елдің 15 зілтеміршінің допинг-сынамасы оң нәтиже берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА, Халықаралық Ауыр атлетика федерациясы (IWF) жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп. Олардың қатарында 4 қазақстандық спортшы да бар.

Атап айтқанда, допинг 2008 жылғы Олимпиадада күміс алған Ирина Некрасовадан, қола жүлдегер Мария Грабовецкаядан, сонымен қатар Майя Манеза мен Владимир Седовтан табылған.

Қазіргі уақытта олардың барлығы жарыстардан уақытша шететтіліп отыр.

«IWF-тің қолда бар ережелеріне сәйкес, спортшылардың антидопингтік ережелерді бұзуға қатысты тергеу аяқталмайынша, регламент бойынша оларды шартты түрде жарыстардан шектеу қарастырылған», - делінген федерацияның таратқан хабарламасында.

Еске сала кетейік, Илья Ильиннің, Светлана Подобедованың, Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоның 2012 жылғы Олимпиада ойындарында алынған допинг-сынамаларын қайта тексеру барысында оң нәтиже тіркелген болатын.

Допинг-сынамалары оң нәтиже берген зілтеміршілердің толық тізімі:

Низами Пашаев - Әзербайжан (94 келіге дейін)

Ирина Кулеша - Беларус (75 келіге дейін)

Анастасия Новикова - Беларус (53 келіге дейін)

Андрей Рыбаков - Беларус (85 келіге дейін)

Цао Лей - Қытай (75 келіге дейін)

Чень Сеся - Қытай (48 келіге дейін)

Лю Чуньхуна - Қытай (69 келіге дейін)

Мария Грабовецкая - Қазақстан (75 келіден астам)

Майя Манеза - Қазақстан (63 келіге дейін)

Ирина Некрасова - Қазақстан (63 келіге дейін)

Владимир Седов - Қазақстан (94 келіге дейін)

Қажымұрат Аккаев - Ресей (94 келіге дейін)

Дмитрий Лапиков - Ресей (105 келіге дейін)

Наталья Давыдова - Украина (69 келіге дейін)

Ольга Коробка - Украина (75 келіден астам)

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

Фото: www.inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: