Омбы-Майқапшағай тас жолында "Мерседес" маркалы жолаушылар автобусы істен шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.02.2017 16:15 Zakon.kz
Лебяжі ауданы Ямышево ауылының жанында Павлодар-Өскемен бағытында жолға шыққан көлікте 16 адам болған.
20-ақпан күні Омбы-Майқапшағай тас жолында "Мерседес" маркалы жолаушылар автобусы істен шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік қызметі басқармасының басшысы Асқарбек Омаровтың айтуынша, Лебяжі ауданы Ямышево ауылының жанында Павлодар-Өскемен бағытында жолға шыққан көлікте 16 адам болған.

Олардың ішінде сегіз адам өздігінен әрі қарай сапарын жалғастырса, қалғаны Жаңа Ямышево ауылы әкімдігінің жылыту пунктіне жеткізілген.

Айта кетейік, кеше Павлодар облысының барлық тас жолдарында қатты бұрқасын салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Авторы: Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: