Қызылорда қаласында он бір пәтерді тонады деген күдікпен 23 жастағы қыз ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.03.2017 16:14 Zakon.kz
Жап-жас күдікті барлық қылмыстарды күндізгі уақытта істеген.
Қызылорда қаласында аз уақыттың ішінде он бір пәтерді тонады деген күдікпен 23 жастағы қыз ұсталды. Жап-жас күдікті барлық қылмыстарды күндізгі уақытта істеген, деп жазады 31 телеарна.

Жалғыз жортқан бойжеткен өз ісін осылай көрсетеді. Ол ауқаттылардың баспанасындағы пластик терезелерді оп-оңай ашып, үйге еркін кіріп кетеді екен. Содан кейін ондағы бағалы заттарды қолды қылған. 23 жастағы күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 2 миллион теңгені құрайды. Бүгінде осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Гүлжахан Қайырбергенова, Қызылыорда ОІІД баспасөз хатшысы:

- Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынып, азаматшаның тағы да осындай фактілерге қатысы анықталу үстінде.

Фото: Kriminal News
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: