Қазақстан тарапы ҚХР мен Ресейден жеткізілген көкөністі кері қайтарды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.04.2017 22:04 Zakon.kz
Карантинге жатқызылатын өнімдердің 147,8 тоннасы экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды
ЕАЭО мемлекеттерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдер бойынша заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 1-14 сәуір аралығында жоғары фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеру барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 12 фактісі анықталды»,-деп атап өтілген ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан (40 тонна картоп, 1,05 тонна тұқымды пияз, 600 дана көшет), Қырғыз Республикасынан (19,5 тонна қырыққабат, 49 тонна пияз), Қытай Халық Республикасынан (38 тонна картоп) және Өзбекстан Республикасынан (628 дана көшеттер, 0,26 тонна кептірілген жемістер, 22 дана құмыралық гүлдер) өнімдер еліміз аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген.

«Осыған жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ карантинге жатқызылатын өнімдердің 147,8 тоннасы экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды»,-дейді министрлік мамандары.

Фото: Today.kz
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: