Талдықорғанда жоғалып кеткен үш жасар қыз іздестіріліп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2017 23:44 Zakon.kz
Төрт күннен бері баланы іздеу жұмыстарына қалалық төтенше жағдай қызметі мен полицейлер тартылды.
Талдықорғанда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен үш жасар қыз іздестіріліп жатыр. Анасының айтуынша, Анастасия Руденко үйінің жанында ойнап жүрген, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Төрт күннен бері баланы іздеу жұмыстарына қалалық төтенше жағдай қызметі мен полицейлер тартылды. Болжам бойынша Анастасия Балықты өзеніне түсіп кетуі мүмкін. Себебі су жағалауынан баланың аяқкиімі табылды. Құтқарушылар жақын маңдағы су қоймаларына, ал полицейлер саяжайларға тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ерлан Ақашев, қалалық ТЖБ бастығы:

– Қазіргі таңда құтқарушылармен бірлесіп, іздестіру жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бүгін бізге көмекке еріктілер қосылайын деп жатыр. Қыз баланың тірі табылғаны жөн болушы еді. Жұмысты әлі атқарып жатырмыз. Өткен аптада Алматы облысында 2 мен 13 жас аралығындағы 8 бала суға кеткен. Мамандардың пайымынша, бұған ата-аналардың салғырттығы себеп болған.

Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: